Веб Көрме

01      Есенберлин,І.

      Көшпенділер.

      [Мәтін]:Тарихи трилогия/Ілияс Есенберлин.

     -Алматы.«І.Есенберлин атындағы қор», 2002. -760б.

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен, тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді.

Трилогиясы тарихта ешқандай «жоғалып кетулердің» болмағанын, осы ғасырлардың бәрінде де қазақ халқы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп, еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

 

02

Есенберлин,І.

 Қатерлі өткел.

[Мәтін]: роман/Ілия с Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1967. – 252 б.

Жазушы Ілияс Есенберлин «Қатерлі өткел» атты бұл романында еңбекші халыққа бостандық, теңдік, бақыт әперген ұлы күш, ең демократияшыл құрылыс – советтік құрылыстың қазақ даласында қалай қалыптасқанын бейнелеуді мақсат еткен. Романның бас кейіпкері Бүркіттің іс-әрекетінен, оның алғашқы қателесу жолынан бастап, кейін советтік құрылыстың адал, творчестволық қайраткері дәрежесіне қалай жеткенін суреттейді.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

03Есенберлин,І.

 Жанталас.

[Мәтін]:Тарихи роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1973. – 320б.

        Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлин халқымыздың арғы-бергі тарихына барлау жасап, «Қаһар», «Алмас қылыш» атты романдарының жалғасы «Жанталас» романы сіздерге ұсынылып отыр.

Бұл романда қазақ халқының ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда басынан өткерген ұлы-ұлы оқиғалар әңгіме болады.

Халқымыздың басына Жоңғарлар күшпен әкеп таңған «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы, қазақ елінің Россия қол астына кіруі, шет ел басқаншыларына қарсы күрес кітапта тарихи деректер негізінде қызғылықты баяндалған.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

04Есенберлин,І.

 Маңғыстау майданы.

[Мәтін]: романдар/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1978. – 424б.

Бұл кітапта белгілі жазушы, Қазақ ССР-ының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің «Маңғыстау майданы» мен «Аманат» атты жаңа романдары еніп отыр.

Бірінші роман әйгілі Маңғыстау мұнай байлығын алғашқы барлаған, зерттеген адамдарға арналған.

Сондай-ақ романда бүгінгі өсу жолымыздың тірегі – ғылыми – техникалық революцияның елеулі мәселелері көтеріледі. Екінші шығарма «Аманат» археолог – ғалымдар жайында, Романның бас кейіпкерлері – қарт археолог Күнтуар мен оның жолдасы Ерғазының іс-әрекет үстінде суреттеп, олардың мінез-құлықтарын, өмірге көз қарастарын ашады.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

05Есенберлин,І.

Алтын құс.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Көшпенділер», 2002. – 240б.

Әрбір шығармасында күрделі ой, проблема айтушылық, бұрын көп сөз бола қоймаған тыңға барушылық, творчестволық батылдық – жазушы Ілияс Есенберлин қаламына тән сипаттар.

Кітаптағы басты кейіпкеріміз кенші, Еңбек ері – Сабыр қатардағы жұмысшыдан өскен, өмірден көргені, көкейге түйгені көп ойлы адам.

Романдағы Сабыр мен Ақбаянның адал махаббаты, жас кезде дұрыс ойлануға, мағыналы өмір кешіруге меңзейді.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

06Есенберлин,І.

Скифтер сағымы.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Көшпенділер», 2002. – 342б.

Жазушының «Аманат» романы, «Скивтер сағымы» болып қайта басылып шығарылып отыр.

Роман Қазақстанның өркендеуіне өз үлесі қосып өшпестей із қалдырған өз қызметін жай археология маманы болып бастап, әйгілі инженер, академик атағына дейін көтерілген Күнтуар Құдайбергенов жайлы жазылған.

Романда кейіпкердің экспедиция кезінде өткізген қиыншылықтар мен қуаныштарын оқырман қауымға көркемдеп жеткізе білген.

 1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

 

07Есенберлин,І.

Қара алтын.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Көшпенділер», 2002. – 240б.

Бұл кітапта белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Маңғыстау майданы» атты романы «Қара алтын» деген жаңа атпен қайта басылып шығып отыр.

Роман әйгілі Маңғыстау мұнай байлығын алғашқы барлаған, зерттеген адамдарға арналған.

Сондай-ақ романда бүгінгі өсу жолымыздың тірегі – ғылыми – техникалық революцияның елеулі мәселелері көтеріледі

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

 08Есенберлин,І.

Қаһар.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Ан-Арыс», 2010. – 360б.

 Мемлекеттік сыйлықтың иегері, аса көрнекті жазушы

Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» атты романы атақты «Көшпенділер» трилогиясының бір бөлімі. Күні кешегі империяның қаһарлы кезінде қаймықпай жазылған роман тарихи құндылығымен,көркем суреткерлігімен, асқақ та айбынды рухымен ерекшеленеді. Сан ұрпақты тәрбиелеген кесек туынды бүгінде онан сайын өз қажеттілігін дәлелдей түсуде. Кітап барша оқырманға арналады.

1d70a79fa5e4370cc9f736783408f5a5

 

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s