Есенберлиннің тарихи шығармаларының жанрлық ерекшелігі

с
Түрік-монғол халықтарында ертеде эпосты, жырды бір емес, екі жыршы қатар айтатын, бірін-бірі толықтырып, кезектесіп сөйлейтін әдет болған. «Жанталаста» тарихи оқиғаларды кейде Бұхар жырау, кейде автор жалғап, өрбітіп отыратындығы сол фольклор тәсілін еске салады. Бұдан, әрине, роман мен жырдың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. «Жанталастың» құрылысы мен қалануында фольклордан дарыған әдістер кездескенімен, талдау, мінездеу, даралау тәсілі жаңаша, реалистік әдебиет үлгісінде. Эпосты туғызған дәуірдің қайталанбайтыны секілді, оның көркемдеу тәсілдері де жалаң көшірілмейді. Әрбір қаламгер өзінің алға қойған мақсатына, өмір. материалының көлемі мен сипатына орай ауыз әдебиетінің бай қазынасынан нәр де, түр де іздеуге ерікті. Сондай сәтті ізденіс «Жанта-лас» романының тартымды, қызықты болуына, талай заманның шындығын шолып көрсетуге көмектескен. І. Есенберлиннің тарихи шығармаларында тарихи аңыздардың орын алуы. «Алтын Орданың» жанрлық ерекшелігі өз алдына жеке бір мәселе. Трилогияның көп жерлері тарихи аңыздардан құралғанын көреміз. Ел арасында айтылып қелген аңыз, әңгіме, тәсілді суреткер еркін пайдаланған. Ал орыс, қазақ, иран, монғол шежірелерінің материалы шығарманың негізгі сүйегін қалаған. Сонымен, «Алтын Орданың» оқиғалық кестесі тарихи хроникадан, шежіреден және аңыз әңгімелерден тұрғанын алдымен айтқан болар едік. Бірақ қанша қызғылықты, шыншыл, маңызды болғанымен, шежіре мен тарихи аңыз роман міндетін атқара алмайтыны белгілі. Міне осы тұста шежіреші, әңгімешіге жазушы өнері қосылған. Егер тарихи аңыз әңгімелерде құбылыстардың тізбеғі, кезегі, нәтижесі ғана айтылып келген болса, әлеуметтік, психологиялық талдау олардың ішкі себептерін аша түскен. Сөйтіп «Алтын Ордада» фольклор мен жазба әдебиет дәстүрі бірлестік тауып, бірін-бірі толықтырған, бірі екіншісіне сәулесін түсіріп, жаңа сапаға жеткен, ауызекі және жаз-баша әдебиеттің жақсы мүмкіндіктері қайталанбас син-тез қүраған. Ғасырлар бойында халық санасында ек-шелген тарихи аңыздың өзі бағалы, тартымды шығарма ғой. Өткен тарихты майын тамызып ауызша айтып бере-тін адам болса, қазірде де тыңдаймыз. Ал оның үст.іне жазба әдебиеттің талдағыштық, аналитикалық сыпаты қосылғанда қүбылыстардың нағыз диалектикасы көріне-ді. Трилогияда тарихи аңыз қаһармандарының портре-тінен бастап ішкі монологтарына дейін кездестіреміз. Роман—тарихи аңыздың жаңа түрі, аңыз роман, шежіре роман болып шыққан.
Бүл көрсетілгендерден тағы да бір маңызды заңдылықты танығандай боламыз, Аса күшті, тамырын тереңге тартқан дәстүрі бар қазақ ауыз әдебиеті жазба әдебиетімізді көп жағынан байытып, көркейте алатындығы аңғарылады. «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, тарихи аңыздың тарихи романға ұласып, жазба әдебиеттің шарттарына сәйкестеніп отыратынын көреміз. Міне мұндай шығармаларға «таза» еуропалық қазіргі романның қалыбымен келсек, көп мәселеге түсінбей қалуымыз мүмкін. Халық аузында айтылып келген тарихи аңыздың көркемдеу тәсілі жазба әдебиеттен өзгешелеу екенін мойындасақ, сол аңыздар роман құрамына қосылғанда да өзінің әуел бастағы қызғылықты, кейде әсіреленген тұлғасын сақтайтыны заңды. «Алтын Ордада», бүдан бұрынғы «Көшпенділерде» де кейбір нанымсыздау көрінетін суреттердің табиғатын да сол материалдың фольклорлық табиғаты мен кәркемдік тәсілінен іздеуіміз керек. Мұның өзі роман жанрының ауқымы өте кең, ол қажет жағдайда, ауыз әдебиетінің кез келген саласының қуаты мен ажарын бойына сіңіре алады деген сөз. Егер «Алтын Орданы» алдын ала межеленген схема бойынша емес, нақтылы бітіміне қарай сөз еткіміз келсе, оның осындай ерекшелігін тануға тиіс боламыз. Ауыз әдебиетінің көп шығармалары осы күнге дейін өзінің тартымдылық қасиетін жоймай келе жатқаны да олардағы ірі тұлғаланған, сом сурет бейнелерге, халық санасы мен бағасының берілуіне байланысты еді. Сол қасиеттер жазба әдебиет стихиясына араласқанда мәнін жоймай, қайта жаңа қырынан жарқырап шығатынын байқаймыз. Тарихи аңыз бен шежіреге қиял мен әлеу-меттік талдағыштық неғұрлым батыл араласқан сайын шығарманың көркемдік шындығы арта түседі.
«Алтын Ордада» халық аңызында, эпоста аты аталатын кейбір адамдардың бейнесін жаңаша танығандай боламыз. Мәселен, аңыздағыдан романдағы Әмір Темір анағүрлым күрделі болып көрінеді. Эпостың қаһарма-нына айналған Едіге тұлғасының талдауы романда неғұрлым толық та, нанымды да. I. Есенберлин Алтын Орданың ең соңғы билеушілерінің бірі Едігенің алғашқы кезде Тоқтамыс ханға қарсы күресте халық алдында беделге ие болғандығын, «ел қамын жеген Едіге» деген дақпырттың сол кездерде шыққанын, кейіннен қолына билік тиген кезде ол зорлықшы жанға айналғанын баяндайды. «Көп жүрген жылан аяғын көрсетеді, көп жорға-лаған жорға шабысынан танады. Ал билік деген бір асау тұлпар, ауыздықтап дұрыс міне алмасаң, бой бермей, алып-қашып сені тасқа ұрып кетуі де оп-оңай. Ал Едіге осы тұлпардың үстіне мінген күннен-ақ оны ауыздықтап үстап, бабына қарай жөндеп жүргізудің орнына шапқан үстіне шапқысы келе берді. Неғүрлым дәреже, даңқы өскен сайын соғұрлым өсе түссін деді. Тен-текті тентек десең бөркі қазандай болады. Айлакер, ер-жүрек, кешегі әділетті саналған Едіге енді осы тентекке ұқсай бастады» («Алтын Орда», 1983, 465-бет).
Аты аңызға айналған Асан Қайғы, Сыпыра жыраудың іс-әрекеттері де халық санасында орныққан деңгейде алынған, олардың артына қалдырған аталы сөздері қандай жағдайда туғанына, түпкі мәніне және себебіне роман нақтылық енгізген.
Сонымен, «Алтын Орда» трилогиясы халқымыздың тарихына, тағдырына тікелей қатысты болған бір кездегі Алтын Орда мемлекетінің, оны басқарған айбарлы хандар мен атақты билердің, тарихтың қозғаушы күші бұқара халықтың басып өткен жолынан мол мағлұмат беретін тағлымды, тартымды шығарма.
«Жанталас» романында халқымыздың бірнеше ғасыр бойы бастан кешкен сұрапыл қиындықтары, тыныштық пен тәуелсіздік үшін күрестері кейде шежіре, бірде аңыз ретінде баяндалады. Екінші сөзбен айтқанда, мұнда. көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бәрі негізгі идеяға — қазақ халқының қаһармандық, отаншылдық арпалысын, көпшілік бұқараның мұндай жанталаста шешуші рөл атқарғанын көрсетуге жұмсалған. Аңыздар мен шежірелер шығармада жеке өзіндік қызмет атқармайды. І. Есенберлин сол тарихи аңыздардың дәнін, негізгі ұйтқысын және бағытын ашуға ұмтылады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің елеулі фактілерін, азаттық үшін соғысты ұйымдастырушылар еңбегін саралай отырып, автор тарихтың ғибратын, тәжірибесін оқырман алдына деректілікпен жайып салады. Демек, тарихи оқиғалар мен адамдар әрекетінің сипаты қазіргі дәуірдің талғам, таразысы тұрғысынан қаралады.
Бұхар жырау әңгімесінде де тарихи құбылыстардың бағасы бүгінгі түсінігімізге орайлас беріледі. Сонымен, «Жанталас» романында тек XVII—XVIII ғасырлардың тарихнамасы беріліп қоймай, олардың сыры мен шындығына да талдау жасалады, тарихтың көркем шындыққа түскен желісі беріледі. Атап көрсетерлік бір мәселе сол — шығармада деректер мен қиялдап айтулар бірлестікке, көркемдік шындық деңгейіне көтерілген. Кейіпкерлердің іс-әрекетінің нақтылы жүйесін емес, сол құбылыстардың мәнін ашуға көңіл бөлінген, психологиялық талдаулардан гөрі тұжырымдап, шолып, шежірелеп айту басым шыққан. «Жанталастың» жанрлық ерекше-ліктерін талдағанда осы жайлар тарихи шындықты дәлелдейді. Шығарманың ұтымды жерінде, кейбір жетіспеушілігін де оның жанрлық бітіміне қарап көрсетуге тырысқан.
Қазақ әдебиетінде аңыз-роман, роман-хроника немесе көркемделген тарих деп атарлық жанрдың пайда болуын кездейсоқ, таң қаларлық құбылыс деп қарауға болмайды. Ауыз әдебиеті дәстүрі бүгінге дейін қатарласа өмір сүріп келе жатқан қазақ әдебиетінде мұндай «аралас» жанрлардың орын алуының өзі заңдылық. Қазақ ауыз әдебиеті өзінің бойына қаншама көркемдік құдірет дарытқан өзгеше құбылыс екені белгілі. Мұнда көркемдеу мен типтендірудің неше алуан кесек үлгілері, кейде бедерлі биіктері кездеседі. Қазақ жырлары мен аңыздарының бірқатары халықтық романдар тәрізді. Оларда әлеуметтік, таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме жиі ұшырайды. Бұларды ретіне қарай жазба кәсіби әдебиеттің қажетіне жарату І. Есенберлин сияқты қаламгердің шеберлігіне байланысты деп ойлаймыз.
Соның жарқын мысалы —сөз болып отырған роман. Оқиғаны тартымды, тығыз, әсерлі етіп ‘баяндауда халық аңыздары мен ертегілері дәстүрінен үйренетін тұстар бар екенін ұлы суреткеріміз М. Әуезов ерекше нұсқап көрсеткен еді. Ол: «көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр» («Әр жылдар ойлары», 1959, 237-бет) деген еді. Бұл сөздерде терең мағына, ұлы ой бар. Бүгінгі қазақ прозасында ауыз әдебиетінен «ауысқан» белгілерді тек кемшілік белгісі деп қарамай, солардың қандай идеяға қалай қызімет етіп тұрғанына, көркемдік кестелерге қаншалық жарастық тауып, кірігіп кеткендігіне қарай сөз еткен жөн деп ойлаймыз..
«Жанталас» романында тарихи оқиғаларды бағалау, саралау, түсіндіру жөнінде авторлық тұрғы берік сезіледі. Халықтың тарихтағы шешуші орнын көрсетуге, ел билеушілердің мүддесі бұқара мүддесінен алшақ жататынын аңғартуға жазушы ерекше көңіл бөлген. Романда хандардың жорықтары халық қолдаған кезде ғана жеңіске жеткізгеніне көптеген мысал келтірілген. Белгілі тарихи қайраткерлерге шежіренің, аңыздың берген бағасымен қалмай, сол бағаның дұрыс не бұрыстығын ғылыми болжамдар тұрғысынан тексеріп шығуға автор ыждағат жасаған. «Жанталас» өзіне тақырыптас «Алмас қылыш», «Қаһарман» қосылып келгенде үлкен эпопея деңгейіне көтеріледі.

с

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s