Есенберлиннің шығармаларына тән жаңашылдық

с

Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы — оның қазақ халқының ХУ-ХІІІ ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бір бөлігі. Архив тереңінде қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректі ыждағатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежіре, тартымды роман ұсынған автордың азаматтық еңбегі қалың оқырманын — шын сыншысын тауып отыр. Жазушы үшін бұдан артық мәр-тебе жоқ
Ал Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» (1969) атты романы қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты игеру тереңдеп келе жатқанын әйгілейтін шығарманың бірі. Мұнда өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың, сол оқиғаға қатысты түрлі топтардың, адамдардың жай-күйі әңгімеленеді. Автор сөз болып отырған заманның әлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалын, қозғалыстың себебі мен салдарын зерт-тей келіп, солардың диалектикалық көркем шындығын көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар романнан көркем шығармаға ғана хас көп әсерлі ақиқаттарды — адамдардың күйініш-сүйінішін, арманы мен өкінішін, ықыласы мен мұратын, кейіпкерлер тарихы мен тағдырын табамыз.
Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып салмай оқиғалар меи характерлерді ауанына жіберіп, еркін сөйлеткен. Сондықтан да оқырман автор ұсынған шындықтың күнгей, теріскейін түгел шолып, бағдарлап, бағалауға мүмкіндік алған. Роман тарихи адамдарды көрсетуде жаңа қадам болып табыладьт Тарихи кітаптарда жазылған қысқаша тұжырымдар мен үкімдердің тасасында талай өмір, қайшылық арпалыстары жатқанын
танимыз.
Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармасы «Қаһарда» патша отаршылдарының қысымына наразы елдің қозғалысы, халықтың осындай серпінін пайдаланып, қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының кектескен сұлтандар мен патшалық бекіністеріне шабуылы, ата-бабасынан мирас боп келе жатқан елі мен жерінің бостандығы үшін жанталасып күресуі, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеті, сан алуан адам мінездері көрсетілген. Автор тарихи адамдардың талай тайталас күрестерін нақтылы көрсете білген.
Кенесары Қасымов көтерген ту астына халық неге ерді деген сұрақтың жауабы романның алғашқы екі тарауында нанымды берілген. Шұрайлы жерден айырылып, патшаның әкімдерінен қысым көрген ел бастаушы болса, соңынан еріп кетерлік жағдай туғанын тарих мысалдары да дәлелдейді.
Жазушы қай құбылыстың да ішіндегі қайшылықты, қарама-қарсы күштердің қақтығысын қатар алып, шындықты толық ашуға ұмтылған. Арқадан Оңтүстікке беттеген күшті суреттейтін алғашқы тараудан да осыны көреміз. Патшалық тепкісінен қаша көшкен елдің бастаушысы Сейтен батырдың қасында келе жатқан серігі Ожар тыңшы, екі жүзді адам екендігі бірден сездіріледі. Бұдан қазақ еліне деген тұзақтың әр жерден құрылғанын да көруге болады. Елдің намысын жыртатын аңғал батырлар жанында көлеңкедей қалмай сансыз сатқындар да жүру отарлаушылықтың көнеден келе жатқан әдісінің бірі екені мәлім. Қапыда қолға түсіп мерт болған Сейтен батыр тағдыры бұл күрестің қиындығынан да хабар береді.
Ілияс Есенберлиннің тарихи роман қазақ халқының қиын ахуалының сан түрлі қырларын кең қамтып елестетеді. Соның бірі — Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының жай-күйі. Түбінде Ресей патшасынан қауіп келе жатқанын сезгенімен, Орта Азия хандары қазақ халқымен одақтасуды ойлау былай тұрсын, қайта оны талан-таражға салатын сәтті күтіп отырған. Бегдербектің жәрдем, кеңес сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен опасыздықпен өлтіріп жібергенін суреттейтін тарау осы ақиқатты түп-тереңімен ашады. Әрі қорқақ, әрі қу, тырнағына дейін сатқын, дүниеқор Қоқан әкімінің шыншыл бейнесі жасалған деуге болады.
«Қаһар» романында Кенесарының және оның сенімді серіктері — ру басыларының, батырлардың өмірі мен іс-әрекеті мол шындығымен көрінген. Әсіресе Кенесары тұлғасы анықтыққа жеткенін атап айту керек. Суреткер кейіпкер басындағы шытырманды тарихи шындыққа сәйкес ашып көрсете алған. Халықтың патшалыққа қарсы наразылығын пайдалана білген, намыс үшін қандай құрбандықтан да тайынбай-тын Кенесарының қайшылықты келбетін деректі дәлелдей білген.
Автор Кенесарының жеке басындағы ерлік пен парасатты бірнеше жерде көрнектендіріп ерекше аңғартады. Мәселен, ол Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің тілегін іштей қабылдай тұрса да, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі, баласы Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзіне ерген баһадүр ерлердің бірі — Байтабынның көңілін риза ету үшін Наурызбайдың қолындағы құсты аттырып билік айтуы сияқты түстар бұған дәлел. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары: Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың ерлік эпизодтары да айтылып отырған.
Романда Ресей патшалығының әр дәрежелі өкілдерінің де бейнелері бар. Солардың ішінде әсіресе Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалығы анық таңбаланған. Жеке өмірінде азғындықтың шегіне жеткен бұл адам Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, көп елді күшпен, айламен ұстап тұрған. Қоңырқұлжа елдің бас көтерер адамын қаралап үстап береді, лауазым үшін халық мүддесін сатып, кез келген опасыздыққа барады. Жазушы патша өкіметі өзіне тірек еткен жергілікті әкімнің жексұрын жиынтық типін жасай алған. Қоңырқүлжаның әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да үстем тап өкілдерінің сиқын аша түседі. Аңыз бен шежірені, тарих тізбегін үлкен тарихтық идеялар мен ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына жұмсай білуі, тарих пен көркемдікті айырғысыз тұтастыққа жеткізуі, өткен кездер хикаясынан бүгінгі қауымға керектіні екшей алуы, тарих тәжірибесінен үлгілі сабақ, өнегені алға тартуы жағынан I. Есенберлин романы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Тарихтың тереңінде жатқан, тіпті тарихи зерттеулердің өзінде жүйелі баяндалып, толық танылып болмаған заман, адам шежіресін екшеп, жаңа сапаға келтіріп айта білуі жазушының жаңалығы, қазақ әдебиетін байытатын, танығыштық, тәрбиелік мәні зор туынды.

с

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s