Есенберлиннің шығармаларының тарихилығы жене деректілігі

с

Есенберлиннің «Қаһар» романында тарихи шындық, қаһармандар келбеті нанымды мүсінделген. Мұнда халықтың азаттық жолындағы күресін, ересен ерлігін бейнелейтін жарқын беттер мол. Автор, бір жағынан, бостандықты аңсаған, бірақ оған жетуге жағдайы жоқ халықтың басындағы трагедияны таныстыра алған. Шындығында бұл — жерден, еркіндіктен айырылған қазақ елінің стихиялық бұлқынысы, аласұрып айбат шегуі, тұяқ серпуі туралы хикая. Шығарманың бас қаһарманы — халық. Қозғалысқа күш берген, оны ондаған жыл бойында қазақ жерінде қаһарлы күшке, азаттық алаңына айналдырған құдірет те сол — халық. Бұл трилогия осы күнге дейін көп ретте көмескі жатқан тарихымыздың бұралаң, шырғалаң жолдарын айқынырақ түсінуге көмектеседі, өткен өмірдің даңқты да, қасіретті де белестерімен танысты-рады, оқырІманның өз елінің тарихы, оның белгілі қаһармандары туралы ұғымын ұлғайтады, тарихтың опық жегізген екінішті құбылыстары мен ілгерішіл, нұрлы дәстүрлері туралы аса пайдалы сабақтар береді. Бұл со-нымен қатар ауыз әдебиетінде, шежіреде қаламгер қаламын шақырып тұрған тақырыптар мен көркемдік мүмкіндіктер мол екенін де аңғартады.
Ресейдің ықпалын айту қазақтың байырғы мәдениеті мен кәсібін жоқ етің көрсетуге апармауы керек. Романның 187-бетінде қазақтың «ең алғашқы егінші жұрты» Ресеймен қосылғаннан кейін пайда болды деген ұғым бар. Бүл түсінік онша дәл емес.
Жалпы алғанда, «Жанталас» романы жазушы I. Есен-берлиннің тарихи роман жанрында өзіндік тың жолға түскенін, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің сәтті көркемдік қосындысы дерлік, оқырманды отаншылдық рух-та баулитын, дерегі мен керегі көп шығарма тудырғаньш әдебиетіміздің ұнамды ізденістері қатарында қарап бағалау парыз деп ойлаймыз.
Қазақ әдебиетінің бір көрнекті туындысы — жазушы I. Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи трилогиясы. Ро-манның бірінші кітабы 1982, екінші, үшінші кітаптары бірігіп 1983 жылы жарық көрді. Бұл шығарма жеке кітап ретінде басылардан бұрын «Жұлдыз» журналында, орысша аудармасы «Просторда» жарияланғаны белгілі. 1983 жылдың әдеби қорытындысына арналған жиналыста «Алтын Орданың» ұнамды сыпаттары ерекше аталып өтілгендігі мәлім.
Осы заман тақырыбын да, өткен дәуір шындығын да еркін меңгеріп, аса өнімді еңбек еткен жазушымыздың артында қалған бай мұрасы жайында зерттеулер, мақалалар жазыла беретіні кәміл. Біз «Алтын Орда» туралы айтардан бұрын I. Есенберлиннің қазақ тарихы прозасын байытуға сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің жалпы мәніне тоқтала кеткіміз келеді. Оның «Кешпенділер» трилогиясы халқымыздың бірнеше ғасырлық өткен өмірінің елеулі кезеңдерін, күрделі оқиғаларын көркем шежірелеген. «Көшпенділердің» үш кітабы бірігіп те, «Ал-мас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты бөлектері жекелеп те қазақ, орыс тілдеріне талай рет басылғаны белгілі. «Көшпенділер» шет тілдерде аударылып келеді. Трилогияның қазақ тарихи романшылығына қосылған үлкен үлес болғанын әдеби жамағатшылық тани білді. I. Есенберлиннің тарихи романы бұл күнде не қазақ, не орыс тілінде оңай таптырмайды, қанша таралыммен шықса да, оқырманға толық жетпей қала береді.Ал оқырманға бұл шығарма ауадай қажет десек артық айтпаған болар еді.
«Көшпенділердің» мұншама табысты болуының себебі тек шығармалардың көркемдік қасиетіне байланысты деп қарау жеткіліксіз болар еді. Біздің ойымызша бұл тарихи романдардың жылдар бойында әсері кемімей келе жатқан сыры тереңіректе жатыр.
Қазақ тарихындағы ірі қозғалыстың ішікі тетіктерін саралап көрсетіп, сарқып айта білуі, көптеген кейіпкер-лердің жанды тұлғасын жасауы—”жазушының шығар-машылық батылдығын, ізденгіштігін сипаттайды. Бүл роман қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты меңгеру жолындағы ұнамды құбылыс. Атап көрсетерлік бір нәрсе — автор қазақ даласында орыс мәдениетінің дәмін татып, Ресейшіл бағытта өсіп келе жатқан күштердің бар екенін де жүйелі әңгіме ете білген. Жас жігіт Есіркеген ойлары жас буын қауымының аңсарын аңғартады.
Суреткер схема кейіпкер жасаудан бойын тартып, қаһарман басындағы жақсылық пен жамандықты айыра көрсеткен. Кенесарыны көп жерде көтере, кейде оны қызықтап та кететін автор сол кейіпкерінің басындағы мінін де жасырмай, жеріне жеткізе әшкерелеп отырады. Кейде дұшпандарының, кейде достарының аузымен Кенесары істеріне қатал үкім айтыльп жатады. Бейненің диалектикасын беруі — суреткердің ұсталығының куәсі.
Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы бұл кезге дейін әдебиетте жеткілікті айтылмаған тарихи оқиғаның ішкі сырына тереңдеп бару ниетінен туған, халықтың азаттық үшін басталған қозғалысының аяғы трагедиямен тынуы, қазақ жерін ондаған жылдар бойында дүрліктірген оқиға жайында хикая. Мұның өзі тарихи тақырыпты игеру әдебиетіміздің тартымды да тұрақты үрдісіне айналып келе жатқандығын білдіреді. Шығарманың жанр ерекшелігін материалдың сипаты, авторлық аңсар, эстетикалық мұрат секілді шарттар белгілейтіні аян. Сондықтан да біз тарихи көркем туындыдан өзінен бұрынғы шығармаларға ұқсастығын емес, қайталанбас ерекшелігін алдымен іздеген абзал деп түйіндедік. Мұнсыз ондай туындының әдебиеттегі орны мен салмағын ажыратып тану қиын.
Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романы құрылыстық, оқиғалық кезегі жағынан алғанда «Алмас қылыш» пен «Қаһардың» аралығынан орын алады. Кейбір қаһармандары да алғашқы романмен жалғастық байқатады. Сюжеттік, композициялық бітіміне қарағанда «Жанталас», «Қаһардан» гөрі «Алмас қылышқа» жақын. Мұнда да аңыз, шежіре, жазба тарих әңгімесі әлеуметтік, психологиялық талдаумен ұштасып жатады. Аталған екі кітапта да ауыз адебиетінің, эпостың бейнелеу тәсілдері күрделі орын алады, айтушының, баяндаушының қызметі ерекше күшті. Бірақ бұндай сырт ұқсастықтармен қатар бұларда әдебиетке жақындығы жоқ оқырмандар айыра білмейтін айырмашылықтар да кездеседі. Романның өзіндік идеялық, кәркемдік ажарын анықтауға кіріспестен бұрын мұндағы оқиғалық жүйелер құрамын қысқаша мазмұндап өтудің қажеттігі туындап отыр.
Романның бірінші бөлімінде Жоңғар елінің жаулаушылық тарихынан, қазақ жеріне шабуылды қалай әзірлегенінен, ұрымтал тұсты пайдаланып, жойқын соғыс бастағандығынан шежіре шертіліп, қазақ халқының ауыр қасіретке душар болғаны, содан кейін бірте-бірте ес жиып, күш қосып, Бұланты өзені мен Алакөл бойында алғашқы екі жеңіске жеткені тартымды суреттелген. Сонымен қатар Бұхар жыраудың әңгімесі арқылы өткен тарих-тың — Хақназар хан тұсындағы ахуал мен қазақ жұртының Бұхар ханы Абдолла әскерінен Сауран қаласын қалай сақтап қалған хикаясы қозғалады.
Ал шығарманың екінші бөлімі Әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бүхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекетіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқасы, жоңғар шабуылының салдары қазақ қауымын қандай тың бетбұрысқа итермелегенін көрсетуге арналған. Романның соңғьг^ үшінші бөлімінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестері, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері нақты көрсетілген. Шығарма ақыры Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұхар жыраумен диалогы берілумен бітеді.
Сонымен «Жанталас» романында қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық күресінің шешуші кезеңдері, сол күрестің негізгі күштері, қазақ елінің саяси-әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтар, сыртқы жаулар, әсіресе, қытай богдыхан-дарының жыртқыштық, арандатушылық саясаты, ар, намыс, өмір үшін кескілескен ұрыстарда қазақ халқының өз тәуелсіздігін қорғауға қажыр, қайрат таба білгендігі, осы оқиғалар тсында қол бастайтын қаһармандар өсіп, жетіліп шыққандығы туралы тарихи көп мағлұмат келтірілген. Оның үстіне Бұхар жыраудың төрт дүркін әңгімесі арқылы Хақназар, Тәуекел, Есім хандар кезіндегі қазақ елінің ахуалы, үздіксіз, жанталас соғыстар, сыртқы жаулардың толассыз шабуылы, халықтың дүшпаңдарын жеңіп отырғандығы туралы тарихи шындыққа сәйкес деректер берілген. Сонда «Жанталас» романы тек XVIII ғасыр оқиғаларымен шегерілмей, одан арғы екі ғасырдың да басты оқиғаларын қамтыған болып шығады. Міне, осындай үш ғасырға жуық қезеңнің күрделі істерін бір кітап көлемінде көрсету дегеннің қаншалық күрделі екенін аңғару қиын емес. Романның өзіндік жанры мен композициясын сөз еткенде, есте болар жайдың бірі осы. «Жанталас» романында көп кейіпкердің аты аталады. Солардың негізгі сюжеттік желі үстінде көрінетіні санаулы ғана. Ал басқалары түрлі оқиғалық баяндаулар тұсында қатарға қосылып, одан кейін қара үзіп қальп қойып отырады. Әдеттегі әлеуметтік-психологиялық роман шартымен өлшесек, мұнда көркем тұлғаның тарихы, қалыптасу жолы дейтіндей жүйелі суреттеулер, мінезді бірте-бірте ашып отыратын сюжеттік жүрістер жиі кездеседі. Бүхар жырау аузымен айтылған әңгімелерде ғана Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тарихы біршама толық көрінеді. Ал өзге қаһармандардан молырақ, нақтырақ көрінетіндері жоңғардың алғашқы соққысынан Түркістанды қорғауды басқарған Елшібек, жаудың арам ойын іске асыртпау үшін өз басын қауіп-қатерге байлап, асқан ерлік көрсеткен қыз Гауһар, белгілі баһадүрлер: Қияқ, Бөгенбай, Баян, хан, сұлтандар: Әбілхайыр, Абылай, Барақ, т. б. Бұл түлғалардың іе-әрекеті, мінез-құлқы кейде автор, кейде жырау атынан айтылып, едәуір қомақты болып көрінеді. Аталған қаһармандардың мінезіндегі қат-қабат қайшылықтар да сенімді суреттелген. Бұған бірнеше мысал келтірейік. Қазақ қосындарының қолбасшысы боп сайланып, жоңғарларға қарсы алғашқы екі-үш жеңісті шайқаста басшылық еткен Әбілхайыр ханды алып көрейік. Оның басындағы бірталай ұнамды қасиет — ақылдылық, әскери дарындылық, табандылық, айлакерлік жан-жақты елес береді. Әбілхайыр қарсы келгендермен күресе білетін, ерлікті де, ездікті де танитын алғыр адам сипатында сурттеледі. Ол Ресейге Қазақстанды ерікті түрде қосып, өзі бүкіл қазақтың ханы болуды армандайды. Оның ел басқаруға арыны да, шалымы да жететіні талай жерде байқалады да. Бірақ кезінде ептілік танытып, қазақ елінің тағдырын қуатты Ресей мемлекетіне тәуелді етуге көп еңбек сіңірген адам, түбінде өзінің ішкі жеке мақсатына жете алмайды. Патшалық оны барлық қазақтың емес, Кіші жүздің. ханы деп таниды. Сонымен Әбілхайырдың үлкен үміті іске аспай, патшалық шешіміне көңілі толмай, бұлқынуға дәрмені болмай, трагедиялық халге түседі.
Патшалық тарапынан өзіне көрсетілген сый мен құр-метке риза болмаған, бірақ айбат көрсетерлік кезден өтіп, «Ресей панасына кіреміз» деп өз аузынан ант беріп қойған Әбілхайырдың мүшкіл халы романда шебер бейнеленген. Әсіресе Орынбор губернаторы, айлалы саясатшы Неплюевпен өзара қарым-қатынасы ашылатын тұста Әбілхайырдың бейнесі ерекше танылғандай. Әдепкіде дардай көрінген хан патша губернаторы алдында өзінің ұсақтығын еріксіз байқатып алады. Шығарманың бас жағында қазақ қолын бастап, өз билігінде шоқтығы көтеріліп тұрған айбарлы Әбілхайыр енді патшалықтан сәл нәрсенің өзін жалынып, кішірейіп сұрайтын күйге түскен. Неплюевпен кездескенде оның шырқап айтар тілегі үшеу ғана. «Бірінші өтінішім — маған қарулы үш мың солдат беріңіз… Екінші тілегім: ортаншы ұлым Қожахмет сіздердің қолыңызда аманат болып тұрғалы жеті жылдан асып барады. Шешесі сағындым деп әбден мазамды алып жүр. Енді Қожахметті босатып, оның орнына кіші ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар… Үшінші тілегім: көптен бері Қалдан Церен менің қарындасым Қарашашты сұрап жүр еді… Артымда бәлендей сүйенер тірегім болмағандықтан, жоңғар қоңтайшысымен үнемі жауласа беруден пайда шықпас деймін. Мәртебелі Елизавета Петровна бұған қарсы болмас» («Жанталас» 1973, 178— 180-беттер).
Әбілхайырдың дәл осындай түрде көрінуі объективтік шындыққа да, оның мінез ерекшелігіне де сәйкес. Талай ұсақ халықты билеп-төстеп, әбден әккіленген патшалық ұлығына Әбілхайырдың тордағы құстай кіріптарлығы айдан анық еді. Губернатор Неплюев Әбілхайырдың әлгі үш тілегінің үшеуін де орындамайтын сыңай білдіреді. Сонымен қатар ол ендігі жерде Әбілхайырға қарсы қояр күшті қазақ арасынан іздей бастайды. Неплюев қазақ ішіндегі жағдайды Құдабай секілді тыңшы арқылы алақандағыдай біліп алған. Оған, басқалар былай тұрсын, әкесінің жасырын істерін жария етіп айтып, Әбілхайырдың өз үлы Нұралы да тыңшылық қызмет атқарады. Әлбетте, патшалық Әбілхайырдың қазақ халқы атынан Ресейге бағынамыз деп берген антын, еткен еңбегін мүлде ұмытпайды. Тек оның ендігі жерде керексіз, қызықсыз болып қалғанын ғана ұқтырады. Әбілхайыр мінезінің логикасы шығармада өте нәзік нанымды ашылған дейміз. Шығармада кейіпкердің характер ашылар орайын, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» табу деп осындайды айтсақ керек. Әбілхайырдың сырт көзден жасырулы түпкі сыры мен ақиқат пенделік келбеті оның Ресейге қарағаннан кейінгі кезеңдегі істерінен табиғи елес берген.
Романда неғұрлым айқын, толық көрінген түлғаның. бірі — Абылай. Жазушы оның мінез қырларын аша алатын ұрымтал мезеттерді, байланыстарды талғап ала білген. Біз Абылайды алғаш рет өзінің шын аты мен тегін жасырып, Төле бидің түйесін бағып жүрген кезінде көреміз. Оның өзін ажалдан сақтап, Хиуадан алып шыққан адамы — Оразқұлды «сырымды жария еттің» деп өлтіріп жібергені мінезінің аса қатал қырына қанықтырады. Бұдан кейін Абылайдың ақылы мен алғырлығын сипаттайтын бірталай асу, тосулардың куәсі боламыз. Оның кектеніп келе жатқан арғын қолына қарсьг келмей, бой тасалап, жылысып кетуі, Ертіс. тұсынан қазақты шаппақ болған жоңғарды жеңудің жолын іздестіруі, Сыр бойындағы қалаларды Қоқан үстемдігінен азат етуі, қалың қытай әскерін ілгері жібермеу жолындағы тапқырлықтары тарихи маңызы бар үлкен істер. Осы оқиғалар кезінде оның бейнесінің жан-жақты мүсінделгенін көреміз. “Алмас қылышта” сонау Шыңғысханның Орта Азияға жасаған шапқыншылығынан бастап, он бесінші ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуірдегі оқиғалар да бірде Әбілқайырдың ойы, бірде жыраулардың, билердің, кейіпкерлердің еске алуы арқылы қажетті тұстарда сыздықтатып беріліп отырады.
Жазушы қалыптасқан тарихи шындыққа ханның қара басының тұрғысынан қарай отырып ой жібереді. Әбілқайыр Шыңғыс ұрпағынан шыққан бұрынғы билік жүргізу әлістерінің күні өтіп бара жатқанын айқын сезді. Оны ойға шомылдырып, жан толкынысына түсіріп отырған халық бұрынғы замандардағы қамшының табымен-ақ үйіріп алып, айдап басқара беретін тобыр емес. Ханды қапаға түсіріп, тұңғиық ойға батыруының өзінен халық бейнесінің батырлық сипаты тұлғаланып көрінеді. Ханның қасіреті де, ордадағы ойранның қозғаушы күші де, міне, осында, халыққа сүйенбей хан билігінің караң екендігінде жатыр. Дешті Қыпшақ хандығын күшейтудегі алғашқы күрестердің өзіне сенімді құрал еткен көшпелі рулардың қазір теріс қарай бастағанын Әбілқайыр тек сұлтандардың қастығынан көреді. Ал Жэнібек болса, осы ру таластарына өзгеше қарайды. Тарихи шындықтан негізін ала отырып, жазушы Жэнібек тұлғасын ел басқарудағы өнегелік бағытқа меңзейді. Ол өнегелік үлгі ханның өз мақсатын халықтың арман-мүддесімен орайластыра біліп, халық тілегінің жолында бел шешіп кірісу екенін меңзейді.
“- Шырағым Жэнібек, – дейді оған халык адамы, халық өкілі ақсақал, – Көк Ордадан руларыңды бөліп ал. Өзгенің жер-суына қызықпайтын, өз еліне жат жұрттай ауыр алым-салық салмайтын жеке шаңырақ көтер”.
Міне, бұл халықтың арманы, халық пен хан, жеке сұлтандардың арасындағы тартыс, қақтығыс, шиеленіс осы арнада өріс алады. Халықтың халықтығы, ханның хандығы, сұлтанның сұлтандығы заманына сэйкес тарихи шындық шеңберінде аян етіледі. Ал осы орайда Саян батырға хан үкімінің бірден шықпай қалуы да халыктың ызғары, ханның халықпен санаспауға қалмағандығы куәландырады. Хан ұрпақтарына керек қызмет атқаратын, ежелден қалыптасқан, шапқыншылық заманда әскер арасы бұзылмауын қамтамасыз ететін, олжаға таласқанға өлім жазасын беретін мықты ереже бар еді. Ол Шыңғыс ханның жасысында айқын жазылған шарт болатын. Осы шарттың орындалмауы, халықпен санасып, оның дүмпуінен бой тарту ханның қаһарлы күшін қаймықтыра бастаған халық бейнесін айқындаса керек. Тарихтың қозғаушы күші боп есептелетін халықтың бірінші планға, алдыңғы орынға шыға бастауының белгісі. Романдағы ірілі-уақты оқиғалардың қай-қайсысы да халықпен байланысты, қазақ халқының төңірегінде өрбіп отырады.Билік мұратының, өзге жұртты билеп-төстеудің, империялық саясаттың қай заманда да ұқсас сипаттарын ойыңа салады. Әбілқайыр ойлау деңгейі жағынан таяз емес. Ел билеуде оның үстанған өз саясаты бар. Қол астындағы ел – алмас қылыш. Оларды қайрап қойып, әр руды бір-біріне айдап салып отырмаса, бірігіп кетсе, бой бермесін ол жақсы түсінеді. Өз мақсатына жету үшін ол нендей сүмдықтан да, зүлымдықтан да тартынбайды. Бірақ ол біреудің қолымен от көсеп, сол зүлымдығы мен сүмдығын біреу арқылы жүзеге асырады. Жәнібекті, Саянды, Рабиу-Сүлтанбегімді, Гүлбаһрамды, Орақты, Ақжолды өлтіруге жасаған әрекеттерінен соны айқын көреміз. Хан түқымына, ел билеушіге кісі тағдыры ойыншық сияқты. Әбілқайыр заманындағы бүл қүбылыс шығарма жазылған дәуірде де солай болды, бүгін де сол сипатта. Жазушы бұл жайды нақтылап та көрсетеді, Әбілқайыр ойы арқылы да сездіреді. Бақтықожа уәзір Сүйіншікке:
“- Хан тағына жетем деген адамда туыс та, туған да болмайды Әке-шеше, іні-ағадан оған алтын тақ жақын. Хан болам деген адам өзінің туыстарына осылай қарай алса ғана мүратына жетеді. Кейде ата-ананың, бір туған бауырлардың өлігінің үстінен аттап хан тағына жетуге тура келеді. Өйтпесең, сенің өлігіңнің үстінен өз бауырларыңның біреуі аттап өтеді. Хан тағы тек тастай берік жан аямас мықтының орны…” [11, 102-6.] – дейді. Көпті көрген, көпті білетін уәзірдің аузымен айтылатын осы жолдарда хан түқымдарына тән шындық жатқаны рас. Алайда оны бір қырынан, дәл осы мағынада ғана қабылдауға болмайды. Хан түқымдарының таққа жету әліс-тәсілдерінің бір қырын, “қара бояулы” бөлігін жарқырата көрсеткен сэттердің өзінде басқарудағы өнегелі сипатын қатар көрсете алған. Хан түкымына алтын тақ жақын екендігіне, туыстық сезімінен билік қүру мақсат-мүратының биік түратын түстарын келтіргенде жазушы ойының бағдары басқада жатыр. “Тура биде туған жоқ, туғансыз биде иман жок” деп келетін халық даналығындағы қағиданың ой-тармақтарын қатар ала отырып, ел басқарудың күрделі түстарын меңзейді. Хан түкымдарының бойына жинактап суреттеген қатыгездік үлгілерінен туысқа мейірімсіз қара жүрек қалыптан туыстықтың ғана түрғысын үстау да ел басының түрлаулы іс атқаруына жан бітіре, көгерте алмайтын, кедергі келтіріп, аяқтан шалатын келеңсіз қүбылыс екенін астармен аңғартады. Өйткені ел билігін үстап отырған адамның мықтылығы, билік басындағы түлғаның өзгеден оқшау қабілет-дарыны – мемлекеттің мықтылығы.
Өз алдына хандық қүрып, таққа отырғысы келген Жәнібек сүлтан да -терең ақыл, парасат иесі. Ол сол кездегі әлеуметтік шаруашылық жайды жақсы түсінген. Сондықтан да Әбілқайырдың қатесін өз мақсатына айдалана отырып, ол үлкен іскерлікпен, ақылмен біраз рулардың басын біріктіріп, ақыры қазақ халқының негізін қүрады. Әбілқайырдың өлімі мен сол кездегі Орта Азия қалаларындағы жағдайлар Қазақ хандығы-ның біраз күшеюіне мүмкіндік берді. Ал Жәнібектің баласы Қасымның тұсында Қазақ хандығы тіпті күшейе түсті.
Халық аузында “Қасым салған қасқа жол” деген мәтел бар. Сыншы халық бүл сөзді басқа хандарға айтпай, Қасымға айтуы тегін болмаса керек. Қазақ халқының басын құрап, хандықты күшейтуге Қасым аса зор еңбек сіңіріп, үлес қосты. Бүл туралы М.Мағауин өзінің “Қазақ тарихының әліппесі” атты кітабында жаңа көзқарас түрғысынан байыпты пікір айтады [17].
Жазушы Қасымның түбі ел бастар мінезін жастайынан-ақ таныта береді. Жәнібек көбіне өз баласымен ақылдасатын. Қасым әр кез әр істің, алды-артын жақсы байқап, дүрыс байлам айтады. Оның ақылдылығы, үстамдылығы романда орынды берілген. Оның уәдеге берік, мәнді мінезі де сәтті суреттеледі.
Абылайдың есімі қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан азат етушілер қатарында эпикалық биікке көтерілгені тарихтан белгілі. Халықтың ұғымында оның ел қорғау жөніндегі ересең істері сақталған. Абылай бас-таған жорықтар жайында бірталай тарихи жыр бар. Ауызша тараған аңыз әңгімелер де мол. Мұның бәрі халықтың сыртқы жауларға қарсы күресті ұйымдастырған ерлерге деген көркемдік естелігі болатын. «Жанталас» романында Абылай жайындағы шежіре, аңыз, тарихи материалдары кең келтірілген. Бірақ ауыз әдебиетіндегі Абылай тұлғасы романда анағұрлым шыншыл, нақты берілген. Жазушытарихи шығармаларын жазу кезінде реалистік әдебиетке тән тәсілдерді пайдалана білген. Абылайдың монологтары мен оның Бүхар жыраумен әңгімелері заманның да, адамның да нағыз шындығын әйгілейді. Мұның өзі І. Есенберлин романдарының суреттегіштік, талдағыштық қасиеті көп екенінен хабар бергендей.
Жазушы Абылай бейнесін тарихи шындыққа сәйкес жасауға ыждағат, ілтипатын төккені байқалады. Қаһарманның портреті де тұжырымды: «Абылай қазір қырықтан жаңа асып бара жатыр. Ол сұңғақ бойлы, ат жақты, қарасұр, түсі суық адам. Үлкен ойлы көздері кісіге қарағанда өңменнен өткендей ызғарлы» («Жанталас», 214-бет). Қейіпкердің ішкі сырын, ой түкпірін айқындауға диалогтың қаншалық қажет қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ мінез қырларын бүкпесіз таныту үшін диалогтың өте мәнді мәселеге арналуы лазым. Бұхар мен Абылайдың диалогы, біздіңше, дәл осындай, «ағынан жарылып» сөйлейтін сирек сөздің бірі.
Бүкіл қазақ еліне әділдігі, даналығы, ақындығы мәлім Бұхар жыраудың Абылай алдында да беделі мол еді. Сондықтан да исі қазақ атаулыдан тек Бұхар ғана ханмен еркін, ашық сөйлесетін болған. Сондай сөздердің бірінде Бұхар ханның кейбір қатал істерін есіне салып, бетіне басады. Сонда Абылай былайша жауап қайтарады. «Баяғыдан бері менің сойылымды соғып, қартайғанда өз ісіңнен өзің қорқып қалдың ба, жырауым… Өткен іске өзіңді өзің қинамайақ қой. Одан да менің мына сұрауыма жауап берші… Бастары қосылмай кеп, «ақтабан шұбырындыда» кеуегінен қашқан қояндай сасып, жартысына жуығын жоғалтқан бұл елге қандай адамның хан болуы керек еді. Былбырап аққан ыстық қан исінен жүрегі айнымайтын қатал басшысы болмаса, сұрқия заманда жанжағынан қаптаған жауы даласын аткөпір етіп, өздерін әр жотаның етегіне төбе-төбе қып үйіп кетпесіне кім кепіл еді? Сонда қазақтан не қалар еді» («Жанталас», 304-бет). Бұл сөздер ар жағында өмірдің бұлтартпас фактісі жатқаны анық. Абылайдың ерлер алдындағы лебіздерінен оның пір тұтқан қағидасы, ұстанған ұғымы бүкпесіз білінеді. «Өкінішім — үш жүздің басын қоса алмадым, аз елге хан болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін емізе алмадым… Өзге жаудан қазақтың жерін қорғаймын деп жүргенімде дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой» (318-бет).
Абылайдың қазақ жерін жаудан босату, жан-жақтан анталаған көп дұшпанға төтеп беру жолындағы басшылығы алмағайып, аламан-тасыр заманда өткен. Осыған орай шығармада көркем тұлғаның түрлі қыры тиісті мінездемесін алғандығын байқаймыз.
Шығармада бейнеленген кесек тұлғалар қатарында батыр Баянды атаймыз. Батыр Баян романның үшінші бөлімінде, екі-үш эпизод үстінде көрінсе де, жарқын бейнесі есте қаларлық. Жазушы алдында тұрған уәзи-паның қиындығын түсінуге болады. «Жанталаста» суреттелетін қаһармандардың бәрі дерлік аңыз, жыр арқылы халық санасынан орын алған жандар болатын. І. Есенберлин сол фольклор туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнелерді төмендетіп алмай, оларға реалистік нақтылық, даралық келбет дарыта білген, ол оңай емес. Сөз болып отырған шығармада Баянның жауға қарсы екі-үш жорығы, оның көзсіз ерлігі, үлкен отаншылдығы, намысшылдығы баяндалған. Жауға деген қалтқысыз өшпенділік, таза халықтық ұғым, айнымаған намыс, ар Баян басынан табылады. Ол қалмақ қызының азғыруына ерген сүйікті інісі Ноянды атып өлтіргенде дәл осындай биік елдік дәстүр тұрғысынан көрінеді
«Жанталас» романында тыңнан табылған типтің бірі — Әбілхайыр ханның хатшысы Құдабай. Ол туралы шығармада мынандай мінездеме келтірілген: «Құдабайдың Орынбор губернаторының тыңшысы екенін хан бі-летін. Бірақ ол Әбілхайырға Неплюев не сұраса да айтып беремін деп уәдесін берген. Оған қанша сенгенмен де, кейбір құпия сырын жасырып қалуға тырысатын. Одан тіпті қорқатын да. Хатшысын біржолата қуып жіберуге Неплюевтің өзіне қандай қақпан құрып жүргенін Құдабайсыз тағы біле алмайды» (171-бет). Жазушы романда өз қызмет бабымен тыңшылықты қатар жүргізіп, қара басына пайда таба білетін айлалы, екі жүзді адамның на-нымды бейнесі тарихи шындыққа сәйкес, нанымды берілген.
Құдабай типінің тасасында көп шындық жатыр. Патшалыққа бағынған елдің кейбір сауат ашқан, тілмаштық немесе хатшылыққа көтерілген адамдары қабілеті мен білімін халықты көркейтуге емес, есебін тауып сау-далауға бейімдейтін. Оларда ұлттық ұғым, бүкіл халықтық мүдде деген түсінік болмайды, «аз білгенін көпсініп, көп қазаққа епсініп», ел мінезін түзеуге емес, бұзуға дағдыланады. Ауылдағы қарапайым адамдар көзіне Қү-дабайлар дардай болып көрінеді, бірақ олардың рухани қауһар, саналы жігер, отаншылдық деген түсініктен жұрдай екенін көреміз. Міне, сондай жанның жинақталған бейнесі Құдабай деп білеміз. Әбілхайырдан да, губернатор Неп-люевтен де, Орта жүз сұлтандарынан да пайда, олжа тауып, олардың әрқайсысының өз кісісі болып көрініп құпияларын жау жағына жеткізіп, олардан да сый алып жүретін Қүдабай қазақ әдебиетінде бұрын ұшырамаған тип десек артық емес. Өмір материалын зерттеу, мінездер диалектикасына бойлау жазушыны жаңа оқиғалар, байланыстар, қаһармандар табуға апармай қоймайтынына бір мысал осы. Құдабай сынды «көмекшісі», «серігі» бар басшы елге жақсылық істеп көгерте алмайтыны анық. Құдабайшылдық халық денесіне жабысқан кесел тәрізді. Одан оңай құтылуға болмайды. Халық санасы өсіп, өзінің тарихтағы орнын, келешегін ойларлық жерге жеткенде ғана мұндай дүниеқоңыздар кемімек.Ал Сарай-Беркеге келгенде ол нағыз тасжүрек жауыз екенін тағы көрсетті.Кешегі тасты, алтын күмбезді шаһардың бір аясын қалдырмай, тас-талқан етті. Ол аз болғандай, дүниеде Сарай-Берке деген қаланың болғанын адамзаттың есінен мәңп шығарамын деп, бір жеті бойы ертеді. Кешегі сән – салтанатты шаһардан тек күйген қыштар мен қарақұрым болған орнын ғана қалдырды. Ақсақ Темір бұл жолы жалғыз Сарай — Берке мен Хаджы Тарханды ғана қиратып қойған жоқ, ол сегіз күннің ішінде Кафбаны алды, бұның да үйлерін өртеді. Ал Сарай-Берке мен Хаджы-Тарханның маңындағы қыстақ, шағың калаладың көбін жермен жексен етті. Дешті Қыпшақтын колөнері бар әжептәуір сәнді қалалары Үбек, Сарайлықтарға дейін дымын қалдырмады, қиратты, бұзды.
Ақсақ Темір осылай, Сарай — Беркеден бастап, бүкіл Қырым Сақстан шаһарларын жоқ етті. Кешегі жайнап тұрған өлкені құлазыған қу далаға айналдырды. Халықтары шұбырып, Батыс пен Шығысқа босты. Осылай ол Ұлы Жібек жолын жойды. Ақсақ Темірдің адамзатқа еткен бұл ең үлкен қиянаты еді» («Алтын Орда», 1983, 401-бет).
Романда Ақсақ Темір, Тоқтамыс, Едігелер қатар өмір кешкен дәуірдегі Алтын Орда мен Мауереннахр арасындағы қарым-қатынастардың қат-қабат ақиқаты көрініс береді. Егер Ақсақ Темір өзіне бір кезде паналап барған Тоқтамысты қолдап, Алтын Орданы тәуелді ету үшін әрекет етсе, Тоқтамыс айбарлы Әмірдің көмегімен таққа отырып, Алтын Орданың ыдыраған, әлсіреген бірлігін қалпына келтіруді, мықты хандық орнатуды армандайды, аз уақыт болса да, дала мемлекетінің мерейін үстем етуге күш салады. Едіге бидің көздегені Алтын Орданың тағын Тоқтамыстан тартып алу болады, осы мақсатты көзден, ол да Әмір Темірдің жер қайысқан қолын өз жеріне ертіп келіп, жойқын қырғынды ұйымдастырады. Ақырында Едіге Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орда тағдырын қолына алғанымен, Литвамен соғыста табысқа жеткенімен, ісі баянды болмайды, оның өзі де кектескен Тоқтамыс балаларының қолынан өледі. Міне осындай «қошқарлардың» басы бір қазанға сыймауы атағы әлемді тітіренткен Алтын Орданың бөлшектеніп, шаруашылығы күйзеліп, әлсіреуіне әкеліп соғады. Мансапқорлық, елдің келешегін ойламай, көз алдындағыға ғана қызығу заманның ең әйгілі қайраткерлерінің өзін тұңғиыққа түсірген, кешіргісіз ауыр қылмысқа батыр-ған. Романда міне оеындай жандардың мінезіндегі қай-шылықтар өте жарқын, сенімді ашылған.
«Алтын Ордада» орыс елінің тарихи рөлі, оның басқыншыларға қарсы төзімді тегеурінді күрес жүргізіп, бірте-бірте күш жинап, кек аларлық, есе қайтарарлық жағдайға жету әрекеті шыншыл көрсетілген. Әсіресе Дмитрий Донской басқарған орыс қосындарының Кудиков даласында менменсінген Мамай әскерімен соғысып, жеңіске жетуі үлкен бір тарауда егжей-тегжейлі әңгімеленген. Жазушы монғол жаулаушыларының ісі зорлық, орыс халқының күресі әділ екенін әрдайым анық етіп ұқтырып отырады.
Сонымен қатар жазушы шығармасында көршілес халықтардың арасында сауда, мәдени байланыс, кейде құдандалық болып тұрғанын да шындыққа сай баян етеді, қазақ, орыс халықтары тарихи байланысының кейбір деректерін келтіреді. Бұл халықтар бір билеушінің қарауында отырғандықтан бір-бірінің тілін, мәдениетін меңгеру жөнінде көп игіліктерге ие болғанын аңғартады. Бұған бір ғана үзінді келтірейік. «Русь елінің билігі ол кезде Алтын Орданың қолында тұрғандықтан, Алтын Орда арқылы өскісі келген көп княздары, қарамағындағы адамдары, тіпті кейде үй-іштерімен, қыпшақ тілін білетін, сол тілде сөйлесе алатын. Алтын Орда бекзада-ларының үлгісімен құндыз бөрік, торқа ішік тәрізді киімдер де киетін, мықтыға еліктейтін әдет ежелден сақталған» («Алтын Орда», 1983, 122 бет).
Жазушының тарихи оқиғаларды биік дүниетаным тұрғысынан талдағандығы трилогияның өн бойынан танылады. Романда Алтын Орда тарихы бірыңғай хандар мен билердің шежіресі болып кетпеген.
I. Есенберлин дәуірдің жалпы жағдайларын кең баяндап, құбылыс-тардың себебі мен салдарына әлеуметтік талдау беріп отырады. Дәл осы арада оның оқиғалар мен адамдарға деген бағасы айқын көрінеді, соларды кейде тарихшының, енді бірде суреткердің көзімен сыпаттайды. Бұл арада реализм әдебиетінің қалыптасқан, екшелген өміршең тәсілдері көмекке келгені сезіледі. «Алтын Ордада» хандар озбырлығына наразылық білдіріп, ауық-ауық бас көтеріп, қарулы күреске шығып отыратын бұқара өкілдері де кездеседі. Сәлімгерей, Ақберен секілді қарапайым халық өкілдері бастаған көтерілістер шығарма көлемінде салдарлы идеялық жүк арқалап тұр. Ақтай-лақ бидің дем беруімен Алтын Орда әскеріне қарсы ашынып соғысқа шыққан кенегес руы жігіттерінің әрекеті де нағыз халықтық сипат алған. Әрине ол заманда бұқара көпшіліктің ұйымдасып, өз мүддесі үшін күреске шығып, жеңіске жете алмайтыны белгілі еді. Сонда да халықтың көңіл түкпіріндегі әділетке деген өшпес сенімді елестете алуы шығармаға идеялық бағыттылық дарытады.

с

Advertisements

One comment

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s