Есенберлин тарихи романдарындағы ұлттық рухани құбылыс

с

Есенберлин романдары ұлттық рухани өміріміздің де құбылысы болды дей аламыз. Өткеніміз туралы бүл кезге дейін там-тұмдап қана дерек біліп келген болсақ, «Көшпенділер» елдік дәстүріміз, ғасырларға созылған, шытырманға толы тарихымыз бар екенін көркем әдебиет көлемінде тұңғыш таныстыра алды. Ол ол ма? Бұл шығармалардан тіпті тарихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе басы бірікпей, шашыранды түрде жатқан мағлұматтардың жүйеге түскен желісін көрдік. Соншама мол деректерді жазушы жалаң тізбей, роман шарттарына лайықтап қорытып, көркемдік қиялға бөлеп бере алуы шығарманың тартымдылық қасиетін арттыра түсті. Міне осындай тарих пен аңыздың, қиялдың бірлестік табуы трилогияның өзгеше бітімін белгілеген еді. «Көшпенділерді» әдебиеттегі белгілі жанрлардың бірде-бірінің шартына салып бағалау қиындығы да трилогияның материалы, жанры, көркемдік әдісі мейлінше тың болуынан еді.
«Алтын Орда» трилогиясында да жазушы тарихымыздың беті ашылмай жатқан үлкен кезеңін шежірелеп берген. Атап айтқанда, мүнда XIII—XIV—XV ғасырлар-да әйгілі мемлекет болған Алтын Орданың саяси әлеуметтік, халықаралық, мәдени халі кеңінен баяндалған. Алтын Орданың тарихын, саяси жағдайын сөз еткен еңбектің мүлде аздығын, ал көркем шығарманың жоққа тән екендігін есте тұтсақ, сөз болып отырған трилогия олқының орнын толтырарлық құбылыс деп түсінеміз. Рас, Алтын Ордаға қатысты оқиғалар жайында орыс жазушыларының ертелі-кешті жазып қалдырған еңбектері бар. Бірақ тұтас бір мемлекеттің қалыптасу, шырқау шегіне жету, құлдырауға бет алу жолын мол қамтыған бірегей туынды осы десек, артық айтылғандық болмас. Бұл романдарда тек Алтын Орда ғана емес, сол кездегі Ресейдің, Қырымның, Кавказдың, Мауереннахр мен Иранның оқиғалары да белгілі дәрежеде қамтылып отырады. Аты-жөні **шежірелерде, аңыздарда ғана сақталган қаншама адамдардың нақтылы іс-әрекетін, үміт-арманын танимыз. Алтын Орда хандығын орнатқан Бату, Беркелерден бастап жүз жылға жуық уақыттың оқиғалары бірінші кітап көлемінде айтылса, Өзбек ханнан Орысхан, Әмір Темірлерге дейінгі істер екінші кітапта әңгімеленеді, Алтын Орданың ең соңғы қуатты дәуірі, тарихи аренаға Тоқтамыс, Едігелер шыққан, олардың өзара қырқыстары бұрынғы айбарлы мемлекетті әлсірете бастаған кезеңнің шындығы үшінші кітап бойында баяндалады.
Атап өтерлік бір нәрсе сол — трилогияда тек хандардың қаталдығы, үздіксіз соғыстары, бейбіт елдің берекесін алып, шаруашылығын күйзелткені ғана емес, қарапайым халықтың күштілерге қарсы ауық-ауық жүр-гізген күрестері де, қалың елдің зорлыққа деген іште тұнған наразылығы да көрініс берген.
Жазушы трилогияның өн бойында өзінің талғам, дүниетаным таразысынан ауытқымайды. Ол атақты хандардың, айбынды әмірлердің даңқы мен. байлығы еңбекші халықтың қанымен, көз жасымен суарылғанын дәл көрсетіп отырады. Зорлыққа, қарудың күшіне ғана негізделген Алтын Орданың екі жүз жылдай салтанат құрып, ақырында Хандардың өзара алауыздығы, бақталастығы, азғындаушылығы, езілген елдердің қайсар күреске шығулары, үздіксіз соғыстар нәтижесінде қирауға бет алуын көрсету танытқыштық та, тәрбиелік те мәні күшті мәселе болып шыққан. «Алтын Орда» деген тек географиялық атау, өткеннің бұлдыр бір елесі емес, нақтылы этникалық қүрамы, билеу жүйесі бар ел екендігін, ол мемлекеттің басында дарын, қайрат, қабілеті күшті қайраткерлер де, ата даңқына малданған, ұсақ мінезді, қара басының мүддесі үшін бәрін сатып жіберетін күйкі жандар да отырғанын, ақырында зорлықпен жиған байлықтың баянсыз болғанын, тақ үшін таласулардың салдарынан тұтас империяның іріп-тозып, бөлшектеніп, әлсіреп кеткенін көрсету өткеннің өкінішті сабақтарын таныстырады: халық қолдамаған, бейбітшілікке, еңбекке, әділетке негізделмеген әкімшіліктің өмірі ұзақ болмайтынын ұқтырады. Трилогияның аңғартпақ болған түпкі ойы осындай тұжырымға сайса керек.
Шығарма тек өткеннің қасіреттерін көрсетіп қана қоимай, қандай қиындық, аумалы-төкпелі жағдайға да төзіп, ақырында жақсы заманға жеткен халықтың ұлылығын мадақ ету мақсатын көздейтінін автор трилогиясында былайша түйіндеген: «Бұл жұрт сонау көне заманғы Кир, Дарий патша жасақтарының, біздің заманымыздағы Аттила бастаған қаһарлы хунулардың, Шыңғысхан татар-монголдарының, Алтын Орда хандарының шабуылдарын, талауларын, алып даласын олардың. қан жоса еткенін, Қытай, Жоңғар, богдыхан қонтайшыларының жорық-қиянаттарын, Россия ақ патшаларының канауларын — бәрін-бәрін бастан өткізді. Бәріне де шыдады, жалғыз жаңқасы қалғанша күресті, ақыры жерін де, суын да ешкімге бермеді. Сол көне қонысында қалды… Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада жаңа қазақ Республикасы орнады» («Алтын Орда», 1983, 479-бет).
Трилогияда Алтын Орданы билеушілердің тізбегі хронологиялық дәл қалпында берілген. Олардың іс-әрекеті, көздеген нысанасы түрліше болып келеді. Мәселен, Бату, Берке секілді хандар мемлекет іргесін бекітіп, қалыптастыруға қатты көңіл бөлгені, Еділ (Волга) бойынан хандықтың астанасын орнатқандықтары, елді билеу жүйесін жасағаны сан алуан оқиғалар тұсында көрсетілген. Бату ханның кіші баласы Ұлақшыға айтқандарынан Шыңғысхан әулетінің өзге елдерді жаулап алу, бағындыру, билеп-төстеу саясаты мейлінше анық аңғарылады. Алтын Орда ханы өзінің бабасы Шыңғысханның «жолбарыс бастаған ит жолбарысқа айналады, ит бастаған жолбарыс ит болады халық қорыққанын ғана сыйлайды, сондықтан әрдайым күшті бол дұшпанға қанша қатал болсаң, досқа сонша мейірімді бол» деген сөздеріне имандай табынады, үрім-бұтағы да осы ақылды берік ұстаса деп тілейді. Өз тарапынан Бату да үш түрлі өсиет қалдырыпты. Мұның біріншісін ол мысал түрінде әңгімелеген: «Баяғыда екі жылан дүниеге келіпті. Біреуінің мың басы, бір құйрығы, екіншісінің мың құйрығы, бір басы болыпты. Бір күні ғаламат боран соғыпты, үскірік аязға айналыпты, мың басты жыланның бір басы інге кірейін десе, екінші басы оған қарсы шығыпты, ал үшінші басы бөтен жаққа тартыпты. Ақырында мың бас бір-біріне көнбей, суыққа ұрынып, жылан үсіп өліпті. Ал мың қүйрығы, бір басы бар жыланның мың құйрығы бірдей бір басының дегеніне көніп, терең інге кіріп, жылан суықтан үсімей, аман қалыпты. Қара халық деген әлгі мың құйрық тәрізді бір басқа— ханға бағынса, дегеніне жүрсе, ел болады. Ал монғолдың толып жатқан рулары, Шыңғыс ұрпағы, әлгі мың басты жыландай ішінен ақылды бір бас тауып, соған бағынбаса, соның дегенімен жүрмесе, әрқайсысы қанша мықты болса да, бірлік таба алмай, әлгі бір-біріне көнбеген мың басты жыландай дұшпандарының қолынан бостан босқа өледі» (Алтын Орда», бірінші кітап, 23-бет). Батудың екінші өсиеті «Жауды шапқан, жеңген ақылды емес, сол жауды бағындырып ұстай білген ақылды» деген сөздерінен көрінеді. «Үшінші өсиетім,— дейді хан,— екі көзі бірін-бірі шұқымасын деп жаратқан ием ортасына мұрын қойған. Ал сен екі көзді бір-біріне шоқытып қой. Орыс ұлты секілді үлкен халықты, оның қол қусыратын адамдарын бірін-біріне қарсы қоя біл, бірін Ордаңа жақындат, екіншісін алыстат» (Аталмыш кітап, 36-бет). Бұл тұжырымдарда замана әкімдерінің ақыл-айласы, «философиясы» ашық білдірілгең.
I. Есенберлин айбынды Алтын Орданың күшею себептерін қалай талдап көрсетсе, хандықтың ішіндегі қайшылықтарды да білгір баяндайды. Егер Бату, Берке, Өзбек, Жәнібек түстарында мемлекеттің беделі, қуаты өсіп, толысып, халықаралық көлемге көтерілсе, осыған сәйкес түрлі құрылыстар, сауда, мәдениет, отырықшылық қанат жая бастаса, сондай-ақ мемлекет тілі болса — қыпшақ тілінің өрісі кеңейсе, Алтын Орданы дарынсыз, азғындаған хандар басқарған кезде елдің ауыр қасіретке жиі кездесіп отырғандығы шыншыл айтылған. Әсіресе, тақ пен тәж десе туған әкесін аямайтын ман-сапқор, қызғаншақ, өркөкірек Шыңғысхан ұрпақтарының өзара бақкүндестіктері елді таусылмас пәлеге ұрындырған. Шығармада мұндай сорақы бүзақылықтың, шектен асқан нысапсьіздықтың, жыртқыш мінезділіктің неше түрлі мысалдары келтірілген. Тақ үшін өз әкесі Жәнібекті өлтірген Бердібектің ұсқыны қандай жиренішті! «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген нақыл өмірден алынған.— көп ұзамай Бердібектің өзі де ең жақын туысының қолынан қаза табады. Бұның орнына отырған Келдібек те әлгіндей кесірге ұшырап опат болады. Бұл мәселені автор былайша қорытындылайды.«Осылайша Келдібек хан өлді. Оның өлімімен бірге жүз жиырма жылдай Алтын Орданы билеп келген Бату әулетінің ең соңғы жылы бітті… Міне осылай Жәнібек қаза болған Тауық, яғни 1357 жылдан кейінгі алты жылдың ішінде Алтын Орданың сегіз ханы бірдей бірін-бірі өлтірген, хандар ғана емес, осы хандарды жақтаған әмір, би, бекзадалары да, солармен тілектес әскер басшылары, жауынгерлері де қаза тапқан. Бұл Алтын Орданың шын күйреуінің басталған шағы еді… Осы кезде Алтын Орданың күйреуінің де, қайтадан көтерілуінің де елесі боп әлем жүзіне Ақсақ Темір, Орысхан, Дмитрий Донской, Мамай, Едіге, Тоқтамыстардың есімі бұрынғыдан да. қатты естіле бастаған. Ал дүние күн күркіреп, найзағай жарқылдап, бүкіл әлем сұрапыл айқастар келер алдындағыдай, демін ішіне тартып, үрпие, ты-на қалған» («Алтьш Орда», 1993, 168-бет).
Ел тағдырын шешуге хандармен қатар рубасы билердің, әмірлердің де ықпалы күшті болғаны, олар да халықтың көз жасын төктірген қаныпезер жандар екені нанымды көрсетілген. Соның бірі Алтын Орда хандарының бірін-бірі құртуына дем берген, үйымдастырған, өз руынан басқаның мүддесін ойлап көрмеген, өзінің қулығы, арамдығы арқасьшда хандардың сеніміне ие бола алған Төре би, мұның тажалдай тойымсыз мансапқорлығы, елдің қамын зәредей ойламайтындығы, соған қарамастан билік лауазымды ұстап отыруға айласының жеткендігі — шебер, шыншыл талданған. Төре би кескіні жан шошырлық дүниеқоңыздықтың жиынтық бейнесіндей. Халық бейшараның сорына бұрынғы заманда осы секілді бітімсіз, бірақ қулығына найза бойламайтын сұғанақ жандар тым жиі кездескен және олардың көбіне-се «жолы болып» отырған.
Өткеннің ғибраты кейінгіге сабақ, «Алтын Ордада» жеке басының ғана мансабы үшін бүкіл елді дүрбелеңге, қан төгіске салуға ойланбай баратын, айласы мен қайратын қиянат жолына жұмсап дағдыланған, хандарды ойыншық құрлы көріп, қалауынша, алмастырып отырған «азуы алты қарыс» Ноғай, Мамай секілді тарихта аты белгілі адамдардың көп қүпиясы, сан сырлары әшкере етілгеи. Кезінде зор беделге ие болған, бірақ тойымсыз, тыйымсыз кеткен, халықты есепсіз сорға ұрындырған бүл секілді зүлымдық иесі жандардың іс-әрекетін көрсету де тарихи оқиғалардың терең астарла-рын, түрткілерін тануға көмектеседі. Трилогияның үшінші кітабында көбінеСе Әмір ТеміоТоқтамыс, Едіге сынды тарихи адамдарға қатысты істео
екшеп алынған. Түранның әмірі, «дуние жүзі екі патшалыққа аздық етер еді» деген сөзді айтқан, мейірімсіздігі Шыңғыс ханнан асып түскен, жеңілген елдерлін тұтқын адамдарының бас сүйегінен төбе үйдірген ашқашік
күншіл, іштарлығы арқаеында өзінен мыңдаған шакырым жерлердегі елдерді жаулап, халқын қырып өзінін жер бетіндегі бірден-бір билеуші екенін «Дәлелдеп» қайтатын Асқақ Темірдің туғанынан өлгеніне дейінгі жорықтары мен зорлықтары, оның ел билеу, баскару тәртібі кең баяндалған. Бұл – аты шулы Әмір Темірдің өз атымен аталып, әдебиетімізде көркем бейне ретінде бірінші рет кеңінен сыпатталуы болар. Ақсақ Темірдің өз мансабын мал ұрлау, ел тонаудан, өзіне жақсылык жасаған көп адамдардың көзін жоюдан бастап әрдайым күш, қаталдық, айланы қатар ұстай отырып қолға түскен жауының бәрін жеңген әмірлік, қолбасылық дәрежеге жетуіне дейінгі істері шығармада жеткілікті сөз болған. Бір жағынан, ақылды, айлакер,ұлы әскербасы мемлекет қайраткері бола білген Темірді танысақ, екінші жағынан, қаталдығы кісәпірлікке, кекшілдігі мағынасыз даңқ құмарлыққа жеткен жендет мінез жанды көреміз. Әмір Темірдің өзге елдерге сансыз қиянатының ең асқынған түрін жазушы былай баяндайды «Ақсақ Темір, қыстың суығына қарамай, қала түрғыңдарын үйлерінен қуып шығып… тегіс өлтіріп, шаһардың күл талқанын шығарды, өртеді, қиратты. Түрғын жұрттың мал-мүлкін тегіс тартып алды.

с

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s