Шығармалары және оның тарихпен байланысы

с

Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңшде байқалатын ұнамды үрдістерінің бірі — көне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу. Сан жағынан алғанда тарихи тақырыпты туындылар жүздің бірі дерліктей санаулы ғана. Бірақ біз бұл арада санды емес, көркемдік тәжірибедегі белгілі бір бетбұрысты айтып отырмыз. Мұның өзі кездейсоқ қүбылыс емес, қоғамдық өмірдің даму қажеттерімен, өскелең мәдени, рухани талаптармен тығыз байланысты нәрсе.
Халықтың парасат, кәмелеті артқан сайын қазіргі халін де, өткендегі тарихын да, тереңірек, толығырақ білуге ден қоятыны мәлім. Соңғы жылдарда қоғамдық ғылым саласында қол жеткен жаңалықтар осы заңдылықтың айғағы секілді. Солардың кейбіреуін тізіп, санап өтсек те, бүл салада көрнекті табыстар бар екенін түсінеміз. Қазақстан археологтары бүдан жүздеген жыл’ бүрын түрлі себептен қираған, үйіндіге айналған шаһарлар орнын тауып, ежелгі мәдениеттің қымбат жәдігерлерін жарыққа шығарды. Орта Азияның көне өркениет ошақтарының бірі — Отырардың қазылуы, зерттеле бастауы ғылымда көп соны тұжырым жасауға мүмкіндік бергелі отыр. Тіл мамандары кемінде бір жарым мың жылдық тарихы бар түрік (Орхон — Енисей) жазуының құпиясын тауып келеді. Кезінде дүние жүзінің «екінші үстазы» атанған Әбунасыр Фарабидің еңбектері араға мың жыл салып барып өз отаны — Қазақстанда кітап болып шыға бастауы да халқымыздың мәдени өрлеуі белгілі белеңғе көтерілгенін әйгілейтін нышанның бірі. Мұндай мысалдар көп. Мүның бәрі, сөз жоқ, тарихтың бұралаң жолын, көп қалтарысын білуге деген ықыласты оятатын факторлар.
Тарихи тақырыпты жанжақты меңгеруге реализм әдісі кең мүмкіншілік береді. Озық дүниетаныммен қаруланған қаламгерлер өткендегінің қандай шытырман құбылыстарына да дұрыс талдау жасай алады, бүгінгі қауымның рухани қажетіне сәйкес идеяларды екшейді.
Ол бабалар түлғасын пайымдап, ұмытылмас бейнесін, лайықты ерлік істерін салыстыруға мүмкіндік береді, қазіргі және болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу үшін қызмет етіп, өмір сүреді. Тарихи тақырыпты игерудегі көркемдік сипаттың бірі де осы. Қазіргі заман мен өткен тарих арасындағы терең тамырлы байланысты көркем әдебиет арқылы бейнелегенде суреткердің эстетикалық мұрат-мақсаты қалай көрінуге тиіс, тарихты танудағы әдебиеттің әлеуметтік миссиясы не, тарихи тақырыптың ерекше кұлшыныс құштарлықпен жазылуы сол ел әдебиетінің кәмелеттік өсу дәрежесінің айғағы бола ала ма, дәстүр мен жаңашылдықтың белгілі бір кезеңдегі бір-біріне өзара ықпалы болуы мүмкін бе, үлттық сана-сезімнің ояну эволюциясы қалыптасу процесінің әдебиет дамуына тигізетін игі әсерлері қандай көркемдік факторлардан көрінеді деген сауалдарға жауап іздегенде ғылым мен әдебиеттің тоғысу сипатын пайымдауға тура келеді.
Ғалым – тарихшыға тән басты сипат – өткенді зерттей отырып, тарихи кезең сорабын қүжаттық куәліктер негізінде калпына келтіру, шын болған оқиғаны, адамдар әрекетін қаз-қалпында баяндау. Тарихшы жорамал мен қиял аймағына кіре алмайды. Тек типтік көрініс жиі кездесіп түрса және оны айкын көрсеткен жағдайда ғана оның әңгімесі эстетикалық құндылыққа ие болады. Бұл орайда тарихи зерттеу объектісінің өзі эстетикалық құрылым болып табылады. Яғни тарихи жинақтау әлемді танудың эстетикалық және теориялық өзіндік синтезін қамтиды.
Тарих пен көркем шығарманың арақатынасын ашу – ежелден назар аударылып келе жатқан ғылыми мәселе. Ол жөнінде алғаш тереңірек сөз қозғаған Аристотель болатын. Ол өзінің поэтикасында былай деп жазады: “Ақынның мақсаты – шынымен болғанды емес, не болуы мүмкін, мүмкіндіктен әлде кездейсоқтан ба, міне, осыны жеткізу. Тарихшы мен ақынды бір-бірінен өлең өлшемін колданады, ал екіншісі қолданбайды деп ажыратпаймыз: осыған Геродоттың шығармаларын жатқызуға болар еді, сонда ғана олар өлшеулі, болмаса өлшеусіз тарих болған еді; бірак олардың айырмашылығы мынада: біріншісі өмірде болған оқиғаны айтса, екіншісі болуы мүмкін болған оқиғаны айтады. Сондықтан да поәзияның ерекшелігі – ол тарихқа қарағанда маңызды әрі философиялық мәні бар нәрселер жайлы, ал тарих жалпы халық жайлы айтады” [2, 67-68-66.].
Бұл мәселе Гегельдің эстетикасында терең талдауға ие болды. Оның пайымдауынша, тарих ғылымы еш нәрсені алып тастауға, өзгертуге құқы жоқ, ғалым барды, болғанды айту керек [3, 372-6.]. Алайда тарихшының шығармашылығында қиял көмекші рөл ойнайтынын ұмытпау керек. Яғни мәліметтерді табуда және оны түсінуде тарихшының интуициялық пікірі айқын көрінеді.
Әдебиет әлеміңде тарихи дәуірлер мен оқиғаларды көркем бейнелеп елестеткен шығармалар шоғыры аз емес. Бұл ретте А. Толстойдың, М. Әуезовтің, М. Айбектің, В. Шишковтың, В. Янның, С. рюродинның, Д. Демирчянның, Қ. Гамсахурдианың, Щ Рыбактың т. б. шығармаларын еске түсірсек те жеткілікті. Осы топтағы туындылардың молдығы және бірбірінен өзгешелігі соншалық — олардың өзі тарихи жанрдың түрлі тарамдарын құрайды. Мәселен, тарихи проза жанрының ішінен тарихи роман, тарихибиографиялық роман, тарихи революциялық роман, романхроника, тарихиүлттық роман деген сияқты салалар жіктеледі. Бүлардың бәріне ортақ ұқсас сипаттар да, материал мен авторлық идеяның аңғарына байланысты елеулі ерекшеліктері де болады. Шығарма талдағанда тарихи жанрдың өз ішіндегі айырмашылықтарды елемей, бір ғана өлшеммен жалпылама қарау шындықты ашуға көмектеспейді. Ол былай түрсын, жанрдың жігін есептемей сөйлеу, үкім айту жаңсақтыққа соқтырады.
Соңғы кезде әдеби, оқырман жұртшылықтың назарын аударған жазушы Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармалары. «Алмас қылыш» (1971) романы I. Есенберлин қаламынан кейінгі жылдары туған «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алтын құс» тәрізді романдар көтерген тың мәселелерімен де, көрсеткен адам тұлғаларымен де қызғылықты, елеулі шығармалар екені әркімге аян. «Айқас» романы үшін кітап авторына Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілуі, «Алтын құс» романы бұл айтқанымызды сипаттайды. «Қатерлі өткелдің» кезінде КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, бүкіл одақтық оқырман ілтипатына ілінуі кездейсоқ болмаса керек. Ал «Қаһар» романының идеялық көркемдік ірі деңгейін жұртшылық жақсы түсініп қабыл алды. Бұл шығармасы арқылы жазушы тарихи тақырыпты игеру жөнінде батыл жаңашылдық көрсетті. Аз жылда тақырыбы, проблемасы түрлі-түрлі оншақты роман жариялау фактісінің өзі I. Есенберлиннің шығармашылық қуаты мен қүлашын айқын аңғарта алады.
I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы көне тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған. Романның оқиғалық негізіне сонау XV ғасырдағы біртүтас қазақ хандығын қүру жолындағы әрекет, күрестер, кейіпкерлер ретінде аты тарихқа белгіл хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген заңды қызығу тудырады. Өйткені әдебиетіміз қанша өстіөркендеді дегенмен, бізде соңғы кезге дейің XIX ғасырдан ілгерідегі оқиғалар мүлде дерлік суреттелген емес. Мұндай жағдайда халық тарихындағы аса жауапты, ұрымтал тұстарды түңғыш рет таныстырған шығармаларға әділдік пен ықыласымыз да айрықша болуға тиіс.
Өзіміз әрдайым үлгі тұта сөйлейтін орыс әдебиетіндегі тарихи жанр шығармаларының мол байлығымен салыстырып қарағанда, біздің олқы жерлеріміз доқ деп те айтуға болады. Өйткені азды-көпті сауаты, пайым-парасаты бар адамның, қай-қайсы да тарихтың ұзын жолын, негізгі үрдістерінг туған халқының адамзаттың рухани қазынасына қосқан үлесін танып білуді өзіне парыз санауы қажет, себебі тарихын білмеген ел мәдениетті ел болып саналмайтыньш жақсы түсінуіміз қажет. Тарихқа деген көзқарастан адамның білімділігі мен надандық парқы ажыратылады деп ертедегі даналар бекер ескертпеген болса керек.
«Алмас қылыш» романы — тарихтың аса қызық та ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы шығарма. Шығарманы дәл осылай бағалаған филология ғылымының докторы Мырзабек Дүйсеновтің «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаласын және басқа көптеген авторлардың жылы лебізін қүптай, біз өзіміздің талғамымызды І. Есенберлиннің шығармаларын зерттей отырып айтуды жөн көреміз.
Біздіңше, I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының жұртшылық үшін ең маңызды жері — Өзге мамандар түгіл тарихшылардың өзі де әлі күнге дейін жете зерттеп болмаған кезең — XV ғасыр оқиғаларын роман-хроника түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұмат бере алатындығында. Қалың оқырман бұл кезге дейін XV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары Сарысу, Шу, Талас өзендерінің алқабында, Мойынқүм бойында алғаш рет қазақ хандығын құрды деген қысқа деректен өзгені біле бермейт. «Алмас қылыш» тарих кітаптарында жазылған сарадң тұжырымңың тасасында қаншама. хикмет жатқанын даңқтылы оқиғалардың хронологиялық ізіне түсе отырып, кеңінен баян етеді. Бұл шығарманың «сүйегі» түрлі кітаптар, қолжазбалар, шежірелер арасында шашырап жатқан анық фактілерден құралғандықтан және оқиғалардың жылнамасы сақталғандықтан, мұны роман-хроника деп атаған абзал деп ойлаймыз..
Дәл осындай жанр, форма әдебиетте өмір сүруге, орнығуға әбден хақылы. Жанрдың келбетін тек автордың субъективтік ниеті белгілей бермейтін, кейде объективтік материал өзіне сай форма іздететінін көреміз. Егер «Алмас қылыштың» осындай жанрлық анықтамасымен келіссек, шығармаға да сол жанрдың талабымен қарау керек болады.
Тарихи шығармаларды талдау кезінде «Алмас қылыш» туралы жазылған кейбір мақалаларда романның бітімі ескерілмей жүргені байқалады. Үлкен әлеуметтік-психологиялыіқ романдарға қойылатын шартпен қарап, «Алмас қылыштан» өзіне тән емес қасиеттер іздеу ақиқатқа жеткізбейді. Шығарманың жетістігін де, кемшілігін де жанрдың ішкі заңдылықтары тұрғысынан зерттеген жөн. Роман-хроникада тарихи оқиғалардың тізбегі күрделі орын алуы табиғи. Мұнда жеке қаһарманның жай-күйін бастан-аяқ түгелдеп айтып шығу бірден-бір шарт бола бермейді. Тарихи оқиғалардың ағынын белгілі адамдар, топтар өмірімен табиғи бірлікте әңгімелей білу, сол арқылы әрі тарих, әрі шығарма міндетін «қатар» алып бару бұл жанрдың ерекшелігі болып саналуы керек. I. Есенберлин, біздің түсінігімізше, осы талап деңгейінеін табыла білген. Автор бұл шығармасында тарихшылық пен беллетристікті әдемі ұштастыра алған. Жанр жағынан алып қарағанда да «Алмас қылыш» әдебиетімізге өз нақышымен қосылған жаңалық деп қараймыз.
Романда Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың қарауында келген қазақ руларының жеке қазақ хандығы қол астьна топталу процесі, бұл құбылыстың себебі, мен салдары, бір жағы Әбілхайыр, екінші жағы Жәнібек, Қерейлердің тақ пен тәж үшін таласы, өздерінің мансаптары үшін халық бұқарасын пайдалану тәсілдері, хан ордасындағы шытырман қайшылықтар, алдау мен зорлықтар тізбегі романның екі бөлімінде т-лық баяндалған. Осы тарихи шығарманың бірінші бөлімінде Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімінде жаңа қонысты мекен еткен қазақ хандғының ішкі-сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып, ширау процесі, бүл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.Міне мұның өзі І. Есенберлин шығармаларының шындық пен деректіліктілігінің дәлелелі сияқты.
Бұл романда желі тартып жатқан басты идея — қазақ руларының бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құу идеясы. Жазушы тарихи фактілерге берік сүйене отырып, мұндай бірліктің аса қатал өмір сынында, өлім мен өмір кезек алмасқан алмағайып, аласапыран ауыр жағдайда жүзеге асқанын, қазақтың жеке хандығын орнатқан күштер кім, сатылғыш, дүниеқоңыз дүшпандар кім екенін тайға таңба басқандай тізіп береді. Өз халқы тарихының көп мәселелерінен бейхабар оқырман үшін мұндай мағлұмат өте қажет. Бұл айтылғаидар тарихи шығарманың танытқыштық мәні зор екенін дәлелдей түссе керек.
Сонау XV ғасыр оқиғаларын, оның алдындағы бірнеше жүз жылдық Шыңғыс хан әулетіне қатысты дерегін бір шығарма көлеміне сыйғызып айту оңай шаруа емес. Автор, әлбетте, сол замаң шьндығын түрлі дәрежеде жазып кеткен бұрынғы-соңғы шежірешілердің мағлұматына сүйенген. Шығыстың, батыстың бұл тақырыпқа қатысты көп кітаптарын қарап шығу, орыстың, қазақтың шежірелерін ақтару, қазіргі тарихшылардың ізденістерін есепке алу көп уақыт пен қажырды керек ететін жұмыстар. Мүндай шығарма жазған авторға тек ризашылық сезіммен қараған жөн.
Романда ортақ қаһармандар ретінде хан, сұлтандар жүретіні рас. Бірақ бұған қарап ел билеушілері бірыңғай дәріптелген деуге әсте болмайды. Қаһарманның бойындағы қасиетін ірілеп көрсету — оны мадақтау болып саналмайтынын әрбір сауатты оқырман білсе керек. Шығармада неғұрлым айқындалып шыққан тұлға — Әбілхайырды алсақ, автор оның ерлігін де, қулығын да, қаталдығын да қалдырмай айтып, күллі қайшылығын ашады. Сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрындық мінездері де диалектикалық ақиқатымен берілген. Автор белгілі бір қаһарманды не әдейі жақсы көрсету, не нақақ қаралау мақсатын көздемей, оқиға мен мшездің объективтік ағысын қаз қалпында көрсетеді. Бүкіл Дешті Қыпшақты билеген Әбілхайыр бір жағынан айлакер, ақылды, арынды ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын қанды қол, мейірімсіз екенін нанымды етіп көрсете білген. Өзге қаһармандары бойынан да бейненің жан-жақтылығын көреміз. Демек, «хандарды дәріптеді» делінетін кейбір қаңқу сөздер мен пікірлер көркем шығарманың табиғатың елемеуден туған көрініс деп ойлаймыз. Патша, хан атаулыны тек жамандап көрсету керек дейтін бір жақты, тұрпайы ұғымның ғылыммен, көркемдік шындықпен қатысы жоқ.
І. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романында халықтың тарихтағы ше-шуші рөлі көрінген деп санаймыз. Шығармада тап тартысы емес, хандар, билеушілер арасындағы тартыс шындыққа орай алғы кезекке шыққан. Соның өзінде автор оқиғалар мен тұлғаларды талдауға, бағалауға әлеуметтік тұрғыдан келген. Бүл — мәселенің бір жағы екенін көруге болады. Онан соң романда еңбекші адамдардың ісі де, күші де бірсыпыра шындыққа сәйкес екендігін көрмеуге болмайды. Әбілхайыр хан нақақтан жазалаған кедей жылқышы Орақ ше? Бұл өте үлкен идеялық жүк көтеріп тұрған тұлға. Орақ тұлғасы романның көп жерлерінде қайталап елес беріп отырады. Орақты қолдайтын кедей Қаптағай батыр ше? Асанқайғының Бердібек пен Әбілхайырға арнап айтылған әрі нақыл, әрі қатал сын сөздерінде нағыз халық өкілдерінің талабы жатыр. Дана жырау Асанның Қазтуған мен Қотан айтысына төрелігі де таза халықтық сана нышаны.
Шығарманың екінші бөлімінде бұл әйгілі жыраулар тағы да үлкен елдік әңгіме үстінде көрінеді. Жазушының халық рөлін төтелеп ескертіп отыратың орайы шығарманың өн бойында кездеседі. Бірінші бөлімнің эпилогында бұл мәселе аса елеулі сездірілген. Әбілхайырдың Монғолстанға көшкен Керей мен Жәнібек елін шабамын деген екпінін қарауындағы халықтың наразылығы су сепкендей басады.
Осы тұста, Орысбай, Қоқыш, Тәкежан, Күйгенбай секілді қарапайым адамдардың қайсарлығы жалт етіп ашылады. Немесе Саян бастаған кекті жігіттердің «бекзадалардың малын талау» әрекеттері де ханға қарсы халық айбарының көрінісі деп санаймыз. Тіпті, Әбілхайырға адал қызмет етіп жүрген Оспан қожаның сөздерінен де халықтың қасиеті елес береді. «Жоқ, алтын періштеге де, құлға да керек емес, алтын хандарға керек» — дейді ол. Жазушының оқиғаны суреттеуі кейде диалог, кейде монолог, кейде тікелей түсіндірме түрінде өрілген. Бұл тарихи шығарманың халықтық айқындамадан жазылғанын көрмеу, сыпайылап айтқанда, білместік. «Мемле-кет шаңырағын халық көтерген» (191-бет).— автордың дүниетаным дұрыстығын бұдан артғырақ етіп айту қиын.
Романның кейбір көрнекті кейіпкерлерін ілгеріде атадық. Мұңда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Қотан, Саян, Орақ секілді ұнамды бейнелер қатары тарихи шындықтың дәлелі екенін көруге болады. Бұлардың әрқайсысы өз орнында мәнді, қызғылықты. «Алмас қылыш» тек мазмұнымен ғана емес, нысандық ізденістерімен де маңызды шығарма. Автор, мәселен, Әбілхайыр әулетінің әріден келе жатқан үстемдігін, содырлы-сойқан істерін өткенді шолу ретімен мәлімдейді. Жүздеген жылдарға созылған Шыңғыс хан үрім-бұтағының озбырлық саясатын, тынымсыз талас-тартысын қайта елестету үшін дәл осындай тәсіл оңтайлы келген.
Ал қазақ даласының тарихи болмысын Қазтуған мен Қотанның айтысы арқылы көрсетуі жаңаша көркемдік әдіс деуге болады. Екі ақын бетпе-бет келіп айтысқанда шындықтың түп-тереңіне дейін ашылатыны белгілі. Сон-дай-ақ Қотан мен Қазтуған айтысы қазақ елінің сан ғасырлық өмір, күрестерінің сыры мен сипатын екшеп көрсетуге жараған. Оқиғаларды баяндай отырып, кейініректе болатын жайлардан хабар айту тәсілін жазушы қазақ әдебиетінде алғашқы қолданушылардың бірі. Мәселен, Мұхаммед Шайбанидің бала кезін көрсеткен тұста оның келешектегі мансабы імен атағын да қоса ескертіп қою шығармаға оқушы ықыласын өсіре түседі. Мұның өзі «Алмас қылыш» өз жанрында елеулі туынды, мазмұны мен нысаны қабысқан шығарма екенін дәлелдейді.
Әдеби теориялық және эстетикалық бағаның даму барысында қалыптасқан теориялық категориялар «көркем қиял» мен «көркемдік болжам» өнердің әр дәуірдегі даму процесінде күшті өзгерістерге түсетін кұбылыс екені белгілі. Өнертанушы мамандардың айтуынша, қиял – суреткердің реалды шындықты дәл өмірдегідей, өмірді қаз-қалпында суреттеуден ауытқу құралы. Ал болжал – тарихи шындықты көп әсірелемей, негізін сақтай отырып суреттеу тэсілі [4].
Әдебиет жайлы айтылған пікірлердің тарихына көз салсақ, сонау қайта өрлеу кезеңінен бастап, өнертанушылардың әлемдік өкілдерінің пайымдауынша, көркем образ жасаудың бірден-бір тәсілі – сол қиял. Бұл орайда тарихи романдардың дүниеге келуіне байланысты көркем қиял мен болжал жөнінде арнайы әңгіме ету – уақыт талабы. Ол жөнінде пікірталастар әлі күнге толастаған жоқ, бұдан былай да жалғаса берері сөзсіз. Өйткені дүниеге келген әрбір нағыз көркем шығарма өзінше әлем, әр үлкен суреткер көркем қиял мен болжалды пайдаланудың өзінше үлгісін жасамақ. Осыған байланысты әр шығарма жөнінде сөз еткен кезде зерттеушілер өзінше жаңа бір әлемге кез болып, жаңа ойлар айтады, тың тұжырымдар қорытады. «Бұл құбылыс халық өмірінің, ел тарихының құнарлы кенін қопарған тегеурінді дарын» [5, 302-6.] -І.Есенберлиннің тарихи эпопеясына да тән.
Тарихи роман жөніндегі зерттеулердің байыптауларына көз сал-ғанда оларда шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың арақатынасы мәселесіне ылғи да назар аударылып отырады. Бұл жұмыстарда “қиял мен болжалдың” жалпы теориясы, оның әдебиеттегі рөлі, жанрдың типологиялық белгілерін анықтаудағы қызметін пайым-дауға талпыныс жасалады.
Көркем қиял – дүниені өнерде, өнер әлемінде бейнелі түрде танудың өзіндік құралы. Өмірлік негіз бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұратын көркем образ өнер құбылысы болып табылады.
Бұл тұрғыда көркем қиял – өнердің табиғатын анықтайтын басты сипат. Сондықтан да шығарма жазуда жазушы өзінің творчестволық қиялында жүйелі образ туғызуды, содан соң барып оны көркем бейнелеуге қажетті тэсілді таңдайды. Айталық жазушы өзінің шығар-масына өмірде нақты болған тарихи тұлғаны кейіпкер етіп алып, жазып отырған күннің өзінде, сол тарихи адамның сипатын шығармаға өмірде болған күйде көшірмейді, оның басты қасиеттерін, өміріндегі үлкен әрекеттерін негіз ете отырып, өз прототипін көркемдік құралдың құзырына бағындырып, жаңа әдеби тұлға жасайды. Көркемдік болжал тарихи шығарма табиғатына етене жақын, алайда көбіне құжаттық шығармаларға тән болып келеді. Бұл категориялар жайында белгілі әдебиетші А.П.Александрова өз ойын былайша білдіреді: «Көркем қиял – шығармаға тарихта болмаған жеке эпизодтар мен кейіпкерлердің іс-қимылы арқылы енеді, сонымен қатар романның құрылымы, оның образдарының жүйесі типтендірудің мәні – объективті шындықтың субъективті бейнесін жасауға бағынады. Көркем қиял жазушының шығармашылық қиялының негізінде жатыр, мұнда көркем болжал бар және сонымен қоса жасалған әлемнің мәнін айқындауға бағынады.
Шығарманың тілі жөнінде бірер сөз. Жалпы алғанда, роман тілі тартымды, табиғи, жатық. Әңгіме тек жекелеген қонымсыз сөздер мен тіркестер («Мадақтау о да бір паш өнеге», «сыймай бастаған соң», «жан аямас қастын», «ғажайып қан төгіспен» т. б.) жөнінде болса бір сәрі… Әр жазушының тіл кестесі, жазу мәнері, сөз талғамы басқа-басқа. Оның үстіне тілдің ағыны мен ажары әрдайым нақтылы оқиғаға, идеяға байланысты өзгеріп отырмақ. Оңды тіл — айтылмақ ойды неғұрлым дәл, табиғи, үйлесімді бере білген тіл.

с

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s